Өзбекстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков, ал ирандық тарапты президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті Мухсин Резаи Мирхаят басқарды.

Делегация басшылары өз сөздерінде екі елдің іскер топтары арасында серіктестік орнатудың әлі пайдаланылмаған орасан зор әлеуетін, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынастарды орнату үшін мол мүмкіндіктерді атап өтті. Олардың қатарында Өзбекстанда шетелдік бизнесті қолдап-қуаттау, шетелдік капиталды қорғау, аумақтар мен салалардың инвестициялық әлеуетін дамытуды ынталандыру, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар да бар.

Шарада екі елдің экономикасы өзара тиімді түрде бірін-бірі толықтырып отырғаны, осылайша тоқымашылық, химия, фармацевтика, электротехника, биомедицина, құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы, тағы басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін қажетті жағдайлар жасалатыны атап өтілді. Бүгінгі таңда құс өсіру және балық шаруашылықтары, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру салаларындағы ірі жобалар сәтті жүзеге асырылды. Соңғы бес жылда Өзбекстанда Иран капиталы бар кәсіпорындардың саны 4 есеге өсті.

Шара аясында инвестицияларды тартудың ең болашағы зор бағыттары, сондай-ақ Өзбекстанның басым секторлардағы инвестициялық әлеуеті және дайын жобалық ұсыныстар туралы тұсаукесерлер өтті.

Форум екі елдің іскер топтарының B2B кездесулеріне де бай болды. Кездесу барысында тараптар Өзбекстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Шара соңында екі елдің делегециялары басшылары өзара мүдделі нақты келісімдерге қол жеткізу үшін жақын және тиімді жұмыс істеуге шақырды. Форум қорытындысы бойынша ирандық және өзбекстандық кәсіпкерлер арасында құны дерлік 200 миллион доллар болатын бірқатар инвестициялық келісімдер мен сауда келісімдеріне қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.