Өзбекстан мен Үндістан технопарктері арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді

    Цифрландыру 22 Dekabr 2021 1416

    21 декабрьде Өзбекстан Республикасы Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің делегациясы Үндістан бағдарламалық технологиялар парктері қоғамының (STPI) вице-президенті Девеш Тягимен кездесті. Шараға Өзбекстан Республикасы Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрінің бірінші орынбасары Олег Пекос қатысты.

    Кездесу кезінде IT Парк орталықтары мен филиалдарында түрлі шараларды өткізу мақсатында үндістандық мамандарды жұмылдыру, IT Парк компания резиденттерінің өнімдерін шетел базарында алға тарту, бірлескен көрмелер мен форумдар ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, STPI компания мүшелерінің Өзбекстанға іссапарларын ұйымдастыру, Өзбекстан мен Үндістанның технопарктерінде қызметкерлердің білімін арттыруды ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлады Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат үшін:

    Үндістанның бағдарламалық технологиялар парктерінің қоғамы (STPI) 1991 жылы мемлекетте бағдарламалық қамтудың экспортын арттыру мақсатында құрылған. Аталмыш қоғамның бағдарламалық өнімдері мен қызметтерді дамытуға және экспорттауға көмектеседі, АКТ саласына тиісті заңнамасы бойынша консалтинг қызметтерді ұсынады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates