Ең алдымен, Корея Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі басшылығындағы делегация өкілдері «ЎзТМК»АҚ-да өндірілетін өнімдермен таныстырылды.
Содан соң, Корея Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Вон До Ён және «Өзбекстан технологиялық металдар комбинаты» АҚ басқару төрағасы Фарход Абдуллаев, жауапты тұлғалар мен сала өкілдерінің қатысуымен келіссөздер жүргізілді.
Онда Кореямен ынтымақтастықта болашағы зор жобаларға инвестиция салу, металлургия, нанотехнологиялар мен жаңа материалдар саласындағы озық тәжірибені зерделеу, технологиялық металдарды жеткізу, ғылыми-зерттеулер мен тау-кен қызметі саласындағы кадрларды даярлау мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында делегация өкілдері Өзбек-Корея металдар орталығында да болып, ол жердегі бар заманауи техникалармен танысты.