Өзбекстан мен Корея: денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық нығая түседі

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева 30 апрельде Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту комитетінің төрағасы Шин Донг Гинді қабылдады.

    Екі елдің арасындағы көп қырлы ынтымақтастық, парламентаралық байланыстардың қазіргі жағдайы мен болашақтағы дамуы, сондай-ақ Өзбекстан мен Корея арасында денсаулық сақтау саласында бірге жүзеге асырылып жатқан жобалар мен жоспарлар талқыланды.

    Кездесуде елдер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды кеңейту, өзаратауар айырбастау көлемін 5 миллиард долларға жеткізу үшін бар әлеуетті пайдалану керектігі айтылды.

    Сұхбат барысында халықты әлеуметтік қорғау, атап айтқанда, денсаулық сақтау саласындағы жаңа жобаларды, сонымен қатар ынтымақтастықта жаңа медициналық орталықтарды құру, фармацевтикалық кластерлерді іске қосу, кадрларды оқыту, аумақтық медциналық мекемелерді озық жабдықтармен жиһаздау туралы пікір алмасты.

    Сұхбат барысында соңғы жылдары парламенттер арасындағы қарым-қатынастың жанданғанын, достық топтардың арасында тығыз байланыс орнағаны баса айтылды. Сонымен бірге, Олий Мажлис Сенатында Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясымен ынтымақтастық жөніндегі арнайы комиссияның құрылғаны республика басшылығы екіжақты ынтымақтастыққа үлкен көңіл бөлуінің көрінісі ретінде танылды. Жоғары деңгейдегі келісімдер мен біріккен жобалардың осы комиссия аясында талқылануы олардың дер кезінде әрі сапалы жүзеге асуына септігін тигізетіні айтылды.

    Сенаттың Ғылым, білім және денсаулық сақтау мәселелері комитетімен және Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту комитетімен тікелей байланысты жолға қою арқылы ана мен бала денсаулығын сақтау, репродуктивті көрсеткіштерді жақсарту, тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу, «Адамға» әлеуеттік қызметтер орталығы үшін еріктілерді тарту бағытында өзара тәжірибе алмасуға келісіп алды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates