Өзбекстан мен Әзербайжан көпжақты ынтымақтастықты кеңейтеді

    Үстіміздегі жылдың 10 июлінде Бұхара қадасында Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов және Әзербайжан Республиканың Экономика министрі Микаил Жабборовтың төрағалығымен Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық бойынша үкіметаралық біріккен комиссияның кезектегі 13-мәжілісі өтті.

    Екі елдің мүдделі министрліктері мен кеңселері, сондай-ақ салалық бірлестіктердің басшылары қатыстқан бұл шарада үстем салалардағы екіжақты көп қырлы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен оны дамыту болашақтары талқыланды.

    Өзара тауар айырбастаудың даму динамикасы қарастырылды. 2023 жылы тауар айырбастау көлемі 26,5 пайызға өсіп, 231,6 миллион долларды құрады, үстіміздегі жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 2,6 пайызға артқан. Осы тұрғыда, екіжақты сауда көлемін 1 миллиардқа жеткізу бойынша іс-шаралар, сонымен қатар сұранысы жоғары тауарларды талдау негізінде импорттың орнын басатын, тұрақты түрде сауда мен бизнес миссияларын ұйымдастыру, ірі қалаларда екі елдің ұлттық көрмелерін өткізу мәселелері талқыланды.

    Өнеркәсіптік кооперацияның ауқымы кеңейіп жатқаны атап өтілді – бүгінде Өзбекстанда Әзербайжан капиталының қатысуымен 236 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 62-сі біріккен кәсіпорын және 174-і 100 пайыз шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорын. Бұл бағытта Өзбекстан- Әзербайжанда 70 өзбек компаниясы жұмыс істейді. Бұл бағытта Өзбекстан-Әзербайжан біріккен инвестициялық қордың қызметін күшейту маңызды. Келешегі зор бастамалардың қатарында жібек өнімдерін өндіру, тоқымашылық кластерін құру, халықаралық мектеп салу, азық-түлік өнімдерін өндіруді ұйымдастыру сияқты жобалар белгіленді.

    Сонымен қатар машина жасау, электротехника, құрылыс материалдары, энергетика, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

    Екі жақты және транзиттік жүк тасымалдау көлемін арттыру мақсатында көлік дәліздерін диверсификациялау және логистикалық инфрақұрылымды құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Аймақаралық ынтымақтастықты дамыту іс-шаралары да айрықша талқыланды. Бүгінде Гүлістан мен Физули, Наманган мен Минғачевир, Терміз және Биласувар қалалары арасында бауырлас қала байланыстары орнатылған. Осыған байланысты жұмыстар жалғасуда. Тараптар өзара сапарлар кестесін қабылдау, жаңа жобаларды әзірлеу және ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарын дамыту үшін тұрақты жұмыс істейтін жұмысшы топты құруға келісті.

    Кездесу аясында екі делегация басшыларының тар шеңберде кездесуі өтті, онда тараптар біріккен бастамаларды жүзеге асыру бойынша іс- шараларды егжей-тегжейлі талқылап, ынтымақтастық байланыстарын одан әрі кеңейтуге келісті, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Комиссия жиналысының қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдер, жауапты басшылар мен тапсырмаларды орындау мерзімдерін көрсететін Қорытынды хаттама қабылданды.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates