Сұхбат барысында Мемлекет басшысы Әзербайжан аумағына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуылдарды қатаң айыптап, жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуін тіледі.

Кейінгі күндері Таяу Шығыс аймғында байқалып отырған шиеленістің күшеюі көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкеліп, елеулі алаңдаушылық туғызып отырғаны атап өтілді.

Қасиетті Рамазан айында орын алып жатқан мұндай оқиғалар жалпыадамзаттық құндылықтарға, халықаралық нормаларға және мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидаттарына қайшы екені айтылды.

Өзбекстан Президенті өз азаматтарын Иран аумағынан Әзербайжан арқылы қауіпсіз эвакуациялау бойынша қабылданып жатқан шаралар мен жасалып отырған жағдайлар үшін Ильхам Әлиевке алғыс білдірді.

Өз кезегінде Әзербайжан Президенті Мемлекет басшысына достық ниеттегі әңгіме және сындарлы сәттерде көрсетілген қолдау үшін ерекше ризашылығын жеткізді.