Сонымен қатар, жетекшілердің қатысуымен мындай екіжақты құжаттарды алмасу рәсімі өтті:
- Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2026–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
- Өзбекстан – Пәкістан Іскерлік кеңесін құру туралы келісім;
- Өзбекстан – Пәкістан өңіраралық форумын ұйымдастыру туралы шарт;
- Жеңілдетілген сауда туралы келісімге жаңа тауарлар тізімін енгізу жөніндегі хаттама;
- Порт қызметтері мен тарифтік жеңілдіктер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Кен өндіру және геология саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Ауыл шаруашылығы зерттеулері мен дамуы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Фармацевтикалық өнімдерді бақылау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Тоқыма және тігін өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Сандық және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Ұлы Бабыр әулетінің ғылыми-ағартушылық, мәдени және сәулет мұрасын сақтау, зерттеу және кеңінен насихаттау туралы келісім;
- Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Радиация және ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Экология және табиғи апаттар саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Төтенше жағдайларды басқару саласындағы ынтымақтастық туралы шарт;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Нашақорлыққа қарсы, психотроп және жаңа психоактив заттардың, сондай-ақ олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Бостандықтан айырылған азаматтардың жазасын өтеуді жалғастыру үшін тапсыру туралы келісім;
- Өзбекстаннан Пәкістанға тұтыну үшін жаңа піскен алма, інжір, лимон және ащы бұрыш экспорттау үшін фитосанитарлық талаптар туралы хаттама;
- Екі елдің қорғаныс министрліктері арасындағы «жол картасы».
Сонымен қатар, Өзбекстан – Пәкістан эксперттер кеңесін құру, Өзбекстанның Экономика және қаржы министрлігі мен Пәкістанның Өнеркәсіп және өндіріс министрлігі жанындағы шағын және орта бизнесті дамыту басқармасы, Термез қаласы әкімдігі мен Пешавар қаласы әкімшілігі, Самарқанд қаласы әкімдігі мен Исламабад қаласы әкімшілігі, Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты мен Исламабадтағы стратегиялық зерттеулер институты, Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті мен Пешавар университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.