баннер
6 Apr 2025
18:43

    Өзбекстан мен Польша арасында келісімдерге қол қойылды

    Өзбекстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ташкент қаласында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

    Делегацияларға Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Акрам Алиев пен Польша Даму және технологиялар министрлігінің мемлекет-хатшысы Михал Ярош басқарды.

    Алдымен екі елдің 150-ден астам ірі компаниялары басшыларының қатысуымен бизнес-форум өтті. Бұл конференцияда серіктес елдің «Jakusz», «BioRex Food diagnostics», «Pronar», «Fabryka Maszyn elektrycznych Damel S.A.», «Społdzielnia Mleczarska Mlekovita», «Bank Gospodarstwa Krajowego (BGK)», “Skybone”, “Horus-Energia”, “Trade Connect group”, “Clever logistics”, “ABP Lana LP”, “Amberite Polanya” сияқты ірі кәсіпорындардың жауаптылары қатысты.

    Тараптардың іскер шеңберлері арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, аймақтық базарлар мен көлік-логистикалық жүйенің мүмкіндіктерін терең талдау негізінде өзара сауда қатынастарының ауқымын қарқынды түрде кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

    Мәлімет ретінде айтар болсақ, Өзбекстан мен Польша арасындағы тауар айналымы соңғы бес жылда екі есеге артып, былтыр 400 миллион долларға жеткен. Республикамызда Еуропа елдері қатысуымен 39 кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар, аймақтық базарларға жеңілдікпен кіру мүмкіндігін пайдаланып, өнім және қызметтер алмасуды ұлғайтуда пайдаланылмаған үлкен әлеует бар.

    Бизнес-форумда экономика салаларының әлеуеті көрсетілді. Фармацевтикалық өндіріс, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм, цифрлық технологияны дамыту, білім беру салаларында таза құн көрсеткіші жоғары жаңа инвестициялық бастамаларды, нақты жобалық ұсыныстар ұсынылды.

    Сондай-ақ, елімізде кәсіпкерлердің қолайлы жұмыс істеуі үшін жасалған жағдайлар, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, инвестициялық және өндірістік әлеуеттің іс жүзіндік жақтары талқыланды.

    Серіктестіктің қазіргі жағдайы мен қарым-қатынастарды одан әрі дамыту болашақтары жан-жақты қарастырылып, өзара сауда көрсеткіші, инвестиция тартудың және өнеркәсіптік кооперацияның мақсатты стандарттары белгіленді.

    Форум бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған B2B және B2G форматындағы кездесулерде кәсіпкерлер жаңа байланыстар орнатуға, өзара тиімді жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға және болашақтағы сауда келісімдерін талқылауға мүмкіндік алды.

    Өзбекстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия отырысында тиісті министрліктер, кеңселер және салалық бірлестіктер басшыларының қолданыстағы келісімдердің орындалу барысы туралы баяндамалары тыңдалды. Жобалардың әрбір кезеңі жан-жақты талданып, алға қойылған міндеттерді сәтті жүзеге асыруды жеделдету үшін тиімді шешімдер әзірленді, тиісті мерзімдер мен жауаптылар белгіленді.

    Іс-шаралардың қорытындылары бойынша Үкіметаралық бірлескен комиссия жиналысының хаттамалары және бірқатар екіжақты келісімдер, сонымен қатар Өзбекстан Республикасының Шетелдік инвестицияларды тарту агенттігі мен Польшаның Инвестициялар және сауда агенттігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумы, екі елдің Сауда-өнеркәсіп палаталарының Іскерлік кеңесін құру туралы келісім, Республикамыз Кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша Өкіл (Бизнес-омбудсман) және серіктес мемлекет Шағын және орта бизнес бойынша Омбудсман арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech