Өзбекстан – Қатар стратегиялық серіктестігі мен көпқырлы ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Сұхбат басында Мемлекет басшысы жақында Израиль тарапынан Қатар астанасы Доха қаласына жасалған зымыран соққыларын қатаң айыптады. Қатардың тәуелсіздігі мен егемендігін бұзатын, оның қауіпсіздігіне қатер төндіретін мұндай қабылданбас әрекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына, халықаралық құқықтың негізгі қағидалары мен принциптеріне қайшы екені атап өтілді.
Өзбекстан халықаралық қатынастарда күш қолданудың кез келген түріне және Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкеліп соғатын қадамдарға қарсы екені айтылды.
Өзбекстан Президенті Қатар бастамасымен шақырылып отырған кезектен тыс араб-ислам саммитінің табысты өтуіне тілектестік білдірді.
Өз кезегінде Қатар Әмірі көрсетілген ынтымақ пен қолдау үшін терең ризашылығын жеткізді.
Телефон арқылы әңгіме барысында белсенді саяси байланыстарды жалғастыру және екі елдің жетекші компанияларының бірлескен жобаларын жеделдету жөнінде үйлестірілген шаралар қабылдау мәселелері де талқыланды.








