Өзбекстан мен Қазақстан ынтымақтастықты жедел нығайтуға ұмтылуда

    Үстіміздегі жылғы 4 декабрьде Нұр-Сұлтан қаласында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзақов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі А.Маминмен кездесті.

    Келіссөздер барысында саяси, инвестициялық, сауда-экономикалық, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжақты, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, Өзбекстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасына іссапарына дайындық мәселелері талқыланды.

    Ортақ міндеттерді шешуде және өзара келісімдерді жүзеге асыруда екі мемлекет үкіметтері, министрліктер мен кеңселер дәрежесінде белсенді ынтымақтастықты жолға қойылғаны атап өтілді.

    Алдағы жоғары деңгейдегі іссапар қарсаңында өткізілген біріккен шаралар, соның ішінде ІІІ Аймақаралық ынтымақтастық форумы мен Екіжақты ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссиясының 19-отырысы нәтижелі болғаны атап өтілді. Бұл шаралар Өзбекстан-Қазақстан ынтымақтастығының кең ауқымды күн тәртібін талқылау және бірқатар мәселелер бойынша нақты келісімдерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

    Тараптар қазіргі уақытта даярлап жатқан екіжақты инвестициялық, өнеркәсіптік-сауда ынтымақтастығы формасын белгілейтін бірқатар жаңа құжаттарды қысқа мерзімде бекітуді қолдауға өзара дайын екендіктерін білдірді.

    Үкіметаралық және кеңсеаралық деңгейде бірлесіп зерттеуді қажет ететін ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымды дамыту, көлік және логистика саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды. Солар бойынша екі елдің мүддесіне сай өзара қолайлы шешімдер даярланды.

    Келіссөздер барысында ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, біріккен өнеркәсіп өнімдерін өндіруді ұйымдастыру және өзара жеткізу көлемін ұлғайту бойынша ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы пікір және ұсыныстар алмасылды.

    Келіссөздер соңында біріккен бастамалар мен ынтымақтастық бағдарламаларын ілгерілету бойынша ынтымақтастықтың келесі қадамдары белгіленді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.