Өзбекстан мен Қазақстан АКТ саласындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды

    Өзбекстан Республикасы Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігі делегациясының Нұр-Сұлтанға қаласына іссапары аясында Өзбекстан Республикасы Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматовтың Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен кездесті.

    Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында бағыттарды талқылады. Нәтижесінде Өзбекстан Республикасының Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Хаттамаға қол қойылды. Бұл құжат бірқатар өзекті және маңызды салалардағы қарым-қатынастарды нығайтуға арналған. Соның ішінде:

    - АКТ саласындағы тәжірибе және озық тәжірибе алмасу;

    - ұлттық байланысты қамтамасыз ету мақсатында кең жолақты талшықты-оптикалық желілерді, 5G байланысын кеңейту, стандарттау және аталмыш технологияларды дамыту;

    - электрондық үкіметті дамыту, сонымен бірге электрондық мемлекеттік қызметтерді енгізу;

    - стартаптарды дамыту және АКТ бағыты үшін кадрларды оқыту саласында тәжірибе алмасу;

    - АКТ саласындағы экспорттық әлеуетті арттыру бойынша тәжірибе алмасу;

    - пилоттық жобалар түрінде жасанды интеллект, үлкен деректер, интернет заттары және ақылды қалалық технологияларды қолдану;

    - мемлекеттік органдар қызметін реинжиниринг жасау (қайта жолға қою) және оларды цифрландыру бойынша өзара тәжірибе алмасу;

    - әлеуметтік-экономикалық даму аясында бағалау-талдау жасау бойынша, сонымен қатар ұлттық жобаларды іске асыру, олардың нәтижелерін бақылап бару және мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуді үшін цифрлық қолданбаларды жасау;

    -бағдарламаны қамту, цифрлы технологияларды, тыңдау континентін, көлемді етіп көру және голограмма технологияларын жасау;

    - цифрлық даму және цифрлық дайындық деңгейін (индикаторларды) бағалау әдістемесін жасау;

    - халықаралық аренада бірге жобаларды ілгерілету.

    Тараптар ақпарат технологиялар саласында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамыру бойынша үлкен әлеует бар екендігі және осы бағытта барлық іс-әрекеттерді жұмылдыруға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.