Соңғы жылдары елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар мемлекет басшыларының ашық, өзара сенімге негізделген диалогы мен берік саяси ерік-жігеріне байланысты достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейінде барлық салалар дамып келе жатқаны қуанышпен атап өтілді.
Мемлекетаралық қарым-қатынастарда парламентаралық байланыстар айтарлықтай деңгейде кеңейіп жатқаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда қалыптасқан қарым-қатынастарды іс жүзіндік әрекеттермен одан әрі байыту мәселелері талқыланды.
Онда Өзбекстан мен Қазақстан Сенаттары арасындағы парламентаралық комиссия қызметінің тиімділігін арттыру, атап айтқанда, Комиссияның кезектегі жиналысын өткізу және оның аясында екі ел парламенттері арасында жаңа «Жол картасына» қол қою туралы ұсыныс ортаға тасталды.
Мәулен Әшімбаев Өзбекстанның ТДМ-ға қол жеткізудегі көшбасшылығын ерекше атап өтіп, елді тұрақты дамуы саласындағы Ұлттық мақсаттар мен міндеттердің 2030 жылға дейін болған кезеңде жүзеге асырылуын бақылау бойынша Парламент комиссиясының қызметін жоғары бағалады. Қазақстан Парламентінде де дәл осындай комиссия жұмыс істей бастағанын, бұл бағытта Өзбекстан тәжірибесінің маңыздылығын атап өтті.
Халықаралық парламенттік құрылымдары, сондай-ақ бірқатар басқа халықаралық ұйымдар шеңберінде біріккен бастамаларды алға тарту, өзара қолдап-қуаттау тәжірибесін белсенді түрде жалғастыруға келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.
Кездесу соңында достас елдер мен бауырлас халықтар арасындағы ынтымақтастық бұдан былай да өзара құрмет пен бір-бірінің мүдделерін ескеру қағидаттары негізінде сындарлы түрде дами беретініне, оның аясында парламентаралық диалогты одан әрі белсенді түрде жалғасатынына сенім білдірілді.









