Атап айтқанда, жүктерді тасымалдау үдерісін жеделдету мақсатында елдер арасында рұқсатнама бланкілерін электронды «E-Permit» алмасу жүйесі іс жүзіне енгізілді.
«E-Permit» жүйесін қолдап алғашқы квоталар алмасылып, жүк көліктері “Яллама” шекаралық кеден бекеті арқылы өтті. Транспорт министрлігіне қарасты «Цифрлық транспорт орталығының» мамандары бұл жүйені тест режимінде сәтті іске қосты, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұл электронды жүйе алғаш рет Транспорт министрлігінің бастамасымен 2021 жылдың 11 ноябрінде Өзбекстан мен Түркия арасында іс жүзіне енгізілген.