Қонақтарға көрменің басты бөлігі — түнгі шөл сахнасы ұсынылды. Жұлдызды аспанда шоқжұлдыздар, Ұлықбектің жұлдыз картасы және меридиандар бейнеленді. Көрермен өзін Ұлы Жібек жолымен жүріп бара жатқан керуеннің мүшесіндей сезініп, құм төбелердің арасымен жүріп отырып, адамзат өркениетінің даму тарихымен танысады.
Көрме барысында өзбек және түркімен өнерпаздары дутар мен танбурда өнер көрсетті, ұлы ақындар Әлішер Науаи мен Мақтымқұлының ғазалдары оқылды.
Инновациялық форматтағы ұсыныста арнайы жарықтар мен театрландырылған көріністер кеңінен қолданылғаны, қонақтарға жағымды әсер сыйлады.