Өзбекстан мен Қытай туризм саласындағы ынтымақтастықты күннен-күнге нығайтып келеді

    Үстіміздегі жылдың 25 июньде Ташкент қаласында Қытайдың Чжэцзян провинциясының Экономикалық және сауда ынтымақтастығы бойынша Өзбекстан-Қытай конференциясы ұйымдастырылды.

    Халықаралық конференцияда Чжэцзян провинциясының Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) тұрақты комитетінің мүшесі, Чжецзян ҚКП комитетінің Бас хатшысы Цю Ци Вэнь бастаған Қытай делегациясы және еліміздің бірқатар ұйымдарының басшылары қатысты.

    Конференция соңында Өзбекстан Республикасы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі жанындағы Туризм комитеті мен Қытайдың « Zhejiang Loong Airlines Co, LTD» авиакомпаниясы арасында Қытайдан Өзбекстанға туристер ағынын арттыру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    Ескерте кетейік, Қытайдың «Loong Air» әуе компаниясы 16 июньда Самарқант және Сиань арасында тұрақты рейстерді ашқан болатын.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates