Өзбекстан шетелден газ сатып алу көлемін 5 есеге арттырды

    Биылғы жылдың январь–июль айларында еліміз жалпы 983,7 миллион долларлық табиғи газ импортталған. Бірақ бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 201 миллион долларды құрады.

    Бұл туралы Статистика агенттігі хабарлады.

    Мәліметке сәйкес, Өзбекстанға июль айында 174,2 миллион долларлық газ импортталған. Бұл 2023 жылдың июлімен салыстырғанда 174 есе көп. Яғни, өткен жылдың июль айында шетелден 1 миллион долларлық газ сатып алынған.

    Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл Өзбекстанның газ импортына төмендегідей қаражат жұмсалған:

    — Январда — 35,6 миллион доллар;

    — Февралда — 131,1 млн доллар;

    — Март — 193,6 миллион доллар;

    — Апрель — 102,6 миллион доллар;

    — Май — 108,4 миллион доллар;

    — Июнь — 166,3 миллион доллар.

    Өткен 7 айда елімізге 983,7 миллион долларлық табиғи газ импортталған. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 201 миллион долларға тең болған.