Өзбекстанда тұңғыш рет ірі гидро жинақтау электр станциялары салынады

    Жобалар толық қуатта іске қосылғаннан кейін 1 миллион 600 мыңнан астам тұрғын үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

    «Узбекгидроэнерго» АҚ Басқару төрағасы Абдуғани Сангинов пен ҚХР-ның “China Southern Power Grid International (HK) Co., Ltd” компаниясының Басқару төрағасы Чжан Танжи, құны 1 миллиард 640 миллион АҚШ долларын құрайтын, қуаты 820 МВт болған 3 жоба: «Юкори Пскем» ГЖЭС (қуаты 200 МВт), «Қаратерен» ГЖЭС (500 МВт) және «Юкори Пскем» ГЭС (120 МВт) гидрокешендерін салу бойынша өзара Түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

    Меморандум аясында өзбек-қытай компаниялары бастапқыда біріккен жұмысшы топ құру туралы келісті. Біріккен жұмысшы топ жобалардың техникалық-экономикалық негіздерін әзірлейді. Бұл үдеріске халықаралық санаттағы сарапшы-мамандарды тарту жоспарланған.

    Бұл жобалар 2030 жылға дейін толық қуатта іске қосылады.

    ГЖЭС-ті іске қосу нәтижесінде жылына орта есеппен 3 миллиард кВт/сағ электр энергиясы өндіріліп, 835 миллион 655 мың текше метр табиғи газ үнемделеді. Сондай-ақ атмосфераға шығарылатын зиянды иіс газдардың мөлшері де азаяды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates