Өзбекстанда ағылшын тілін оқыту жүйесі жаңғыртылады

    Ұлыбританиялық сарапшылар “TESOL” ағылшын тілі сертификатын енгізуге көмектеседі.

    Еліміздің Лондондағы елшілігі Өзбекстан Министрлер Кабинетінің құзырындағы Шет тілдерін үйренуді бұқараландыру агенттігі мен Ұлыбританияның Ноттингем Трент университеті (Nottingham Trent University, NTU) ортасында келіссөздер ұйымдастырды.

    Келіссөздерге агенттік директорының орынбасары Азимжон Хусанов, НТУ жанындағы Ноттингем Тілдер және мәдени алмасу институтының басшысы Фрэнк Аустермюл, тағы басқалар қатысты.

    Тараптар ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ ынтымақтастықтың өзара қолайлы және екі жаққа мақұл әрі қолайлы механизмдері бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, атап айтқанда, Өзбекстанда ағылшын тілін оқыту жүйесін жаңғырту бойынша пікір алысты.

    Ұлыбритания өкілдері елімізде «TESOL» (басқа шет тілдерінде сөйлейтіндер үшін ағылшын тілін оқыту) лицензиясына ие тестерді енгізу, ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, Шет тілдерді үйренуді бұқараландыру агенттігі жанындағы телерадиохабарларын тарату мен журналистика орталығына ие «Foreign Languages» телеарнасымен NTU қасындағы Notts TV телеарнасы арасында халықаралық журналистика саласында кадрлар даярлау бойынша ынтымақтастықты орнатуға дайын екенін білдірді.

    Сонымен қатар, тараптар өзара сапарларды, атап айтқанда, ноябрь айының соңында Өзбекстанға Nottingham Trent University білім беру делегациясының сапарда болуын келісіп алды, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    Мәлімет ретінде, 1843 жылда негізі қаланған Nottingham Trent University Ұлыбританияда үлкендігі жағынан алтыншы орында тұрады (Бұл жерде 35 мыңнан астам студент білім алады). 2017 және 2019 жылдарда аталмыш оқу орны елімізде «Жыл университеті» деп табылған. NTU әлем университтерінің «QS World University Rankings» рейтингінде 105-орынды, Еуропаның ең жақсы университеттері қатарында 20-тұғырды иелеп тұр.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates