Ўзбекистонда Lada автомобиллари ишлаб чиқарилади

    Өнеркәсіп 2 Iyun 2022 1601

    Өзбекстанда Lada көліктерін шығаруға дайындық басталды.

    Өзбекстанның “ADM Джизак” зауытында толық циклдегі Lada автокөліктерін шығару жолға қойылуы мүмкін. Бұл туралы «Известия» газетіне берген сұхбатында Ресейдің ЕЭК (Еуразиялық экономикалық комиссиясының) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен бойынша министрі Артак Камалян айтты.

    2021 жылдың октябрінен бастап бұл жерде Lada: Vesta, XRay, Largus автомобилінің ірі механизмдерін (SKD) құрастыру істері жүргізілуде. Министрдің айтуынша, қазір корпусты дәнекерлеу мен бояуды қамтитын толық өндірістік циклды құру мәселесі қаралуда.

    — Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің хабарлауынша, «АDМ Джизак» жаңа өнеркәсіп ғимаратының құрылысы мен оны жиһаздау істері жүргізілуде. Ол жерде Lada Vesta мен Lada XRay модельдерін шығаруға дайындық жүріп жатыр», - деді министр.

    Камалян қосымша ретінде Lada Өзбекстанда негізінен ішкі базар үшін шығарылатынын айтты. «АвтоВАЗа» өнімдерін Өзбекстанда құрастыру жергілікті сатып алушылар үшін қолжетімді болатыны сөзсіз.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates