Өзбекстанда Миграциялық ресурстық орталық ашылады деп күтілуде

    Бұл орталықтың міндеті Еуропа елдерінде жұмыс істегісі келетін Өзбекстан азаматтарына тиісті консультациялық қызмет көрсету болмақ.

    Өзбекстанның елшісі Абат Файзуллаев резиденциясы Вена қаласында орналасқан Миграция саясатын дамыту халықаралық орталығының (ICMPD) бас директоры және Австрияның бұрынғы сыртқы істер министрі Михаэль Шпинделеггермен кездесті.

    Кездесуде Өзбекстанның еңбек базарындағы әлеуетті жұмысшы күшін Еуропа елдерінде жұмыспен қамту, шет елдерге қауіпсіз, тәртіпті және заңды еңбек миграциясы жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.

    Ең алдымен сұхбат кезінде шетел тарапына Өзбекстанда соңғы жылдары жүзеге асырылған реформалар, сонымен қатар сыртқы еңбек миграциясын дамыту және оны диверсификациялау бойынша жүргізілген мемлекеттік саясат, аталмыш бағытта азаматтарға жасалып жатқан жеңілдіктер туралы ақпарат берілді.

    Өз кезегінде, Михаил Шпинделеггер өткен жылдың сентябрь айында Өзбекстанға жасаған сапарын еске алып, оның нәтижелі болғанын атап өтті.

    Сапар барысында ол «Ишга мерхамат» моноорталықтарының қызметімен танысып, Өзбекстан үкіметінің азаматтардың еңбек белсенділігін арттыруға және кәсіп-өнерге оқытуға, сондай-ақ тұрғындардың жұмыспен қамтуға қатысты қаралған іс-шараларын жоғары бағалайтынын және оларды қолдап-қуаттайтынын білдірді.

    Атап айтқанда, Өзбекстанның Сыртқы еңбек миграциясы агенттігі мен ICMPD арасында қол қойылған өзара Түсіністік туралы меморандумы екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге жаңа серпін болғанын ерекше атап өтті.

    Келіссөздер барысында ICMPD және Өзбекстанның өкілетті кеңселерімен бірлесе отырып, Ташкент қаласында мигранттарға арналған ақпараттық орталықты (Migrant Resourse Centre) ашуға келісілді.

    Бұл орталықтың міндеті Еуропа елдерінде жұмыс істегісі келетін Өзбекстан азаматтарын тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету, сонымен қатар елдердің ұлттық заңдылықтарымен, мәдениетімен және жұмысқа орналасу тәртіп-ережелерімен танысу және оларға тиісті кеңес беру қызметтерін көрсету болады.

    Еске сала кетейік, ICMPD 1993 жылы Австрия мен Швейцарияның бастамасымен құрылған және бүгінде ол 20 мүше мемлекетті бірлестіретін және БҰҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие халықаралық үкіметаралық ұйым болып табылады.

    ICMPD бүгінде 90-нан астам елде миграция мәселелері бойынша сараптамалық білім мен дағдылар беру сондай-ақ қызметтерді ұсынады. Орта Азиядағы шекараны басқаруға көмектесу бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады және Прага үдерісінің хатшылығы міндетін де атқарады.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates