Өзбекстанда телеарналар жұмысын уақытша тоқтатады

    Нақты 1 Noyabr 2021 1215

    Бұл туралы Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Хабарлауынша, Өзбекстан халқына телебағдарламаларды үзіліссіз және сапалы таратуды қамтамасыз ету мақсатында Радиобайланыс, хабар тарату және телевидение орталығы – «РРТМ» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны жүйелі түрде қондырғыларды белгіленген мерзімде сөндіретіні, профилактика істері жүргізіледі.

    «РРТМ» МКК цифрлық телебағдарламаларға, телерадио таратқыштарға, антенналық фидер жүйелеріне және жасанды спутниктік қабылдағыштарға ағымдағы жылдың 1-23 ноябрь аралығында профилактикалық қызмет көрсету жүргізіледі.

    Ақпаратқа сәйкес, кезекті жоспарлы жөндеу жұмыстары ноябрь айының 1-23 аралығында әр облыста кезек-кезек түнгі сағат 01:00-ден 06:00-ге дейін телетаратқыштарда жүргізіледі деп жоспарланған.

    Осы кезеңде әрбір аумақта (Ташкент қаласынан басқа) мемлекеттік және мемлекеттік емес телеарналардың хабар таратуы тек бір тәулікке сағат 01:00-ден 06:00-ге дейін тоқтатылуы мүмкін.

    Үзілістер байқалған кезде абоненттік жабдықтың (тюнер мен теледидар) параметрлерін өзгерту ұсынылмайтыны атап өтіледі.