Статистика агенттігінің алдын ала мәліметтері бойынша, 2024 жылы Өзбекстанда жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі ағымдағы бағалар бойынша 1 454,6 триллион сумды құрады.
ЖІӨ көлемі орташа алмасу курсы (12 652,7 сум) бойынша 115,0 миллиард АҚШ долларына тең.
2024 жылы тұрғындардың жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі ағымдағы бағамен 39,1 миллион сумды (3 092,7 АҚШ доллары) құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға өсті.