Өзбекстанда «жасыл» экономика дамиды

    Баку қаласында Экономика және қаржы министрінің бірінші орынбасары Илхом Норқулов пен АДБ Орталық және Батыс Азия департаментінің бас директоры Евгений Жуков арасында өткен кездесуде “жасыл” экономиканың дамитыны айтылды.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптар конференциясының 29-сессиясы (COP29) барсында ұйымдастырылған осы кездесуде тараптар Өзбекстан Үкіметі мен АДБ арасындағы ынтымақтастық аясында климаттың өзгеруіне қарсы күресуге, инфрақұрылымды дамытуда «жасыл» экономикаға көшуге және болашақтағы жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударды.

    Сондай-ақ, онда инфрақұрылымды дамыту арқылы урбанизацияны жақсарту, қаржы ресурстарын тарту, стратегиялық және шағын жобаларды әзірлеу, ұлттық жағдайларға тән инфрақұрылым мен эко-өнеркәсіп парктерді құру сияқты салалар да қарастырылды.

    Министрліктің ақпарат қызметінің мәлімдеуінше, келіссөздер соңында тараптар ұлттық миссиялық сауда жүйесін (ETS) және мониторинг, есеп беру және верификация (MRV) жүйесін енгізуді қамтыған жобаларды жүзеге асыруға келісті.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates