баннер
27 Mar 2025
08:21

    Өзбекстандық дзюдошы «Үлкен дулыға» турнирінде чемпион атанды

    Грузияның Тбилиси қаласында дзюдодан өткен «Үлкен дулыға» жарысын Өзбекстан құрамасы 1 алтын, 2 қола медальмен аяқтады.

    Грузияның Тбилиси қаласында дзюдо бойынша «Үлкен дулыға» турнирі аяқталды. -90 келі салмақта сайысқа түскен өзбекстандық Умар Бозоров алтын медальді жеңіп алды. Бұл туралы Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының жеңімпаздары бас қосқан бұл салмақта Бозоров финалда франциялық Алексис Матюден басым түсті.

    Осылайша, Өзбекстан құрамасы бұл жарысты 1 алтын және 2 қола медальмен аяқтады.

    Еске сала кетейік, бірінші күнгі жарыста -66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Азизбек Ортиқов пен Абдурахим Нутфуллаев қола медальмен марапатталды.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech