Онда өзбекстандық, екі дүркін Олимпиада чемпионы Ҳасанбой Дўсматов та рингке көтеріледі деп күтілуде.

Мәліметке қарағанда, қазіргі уақытта WBA рейтингінде алтыншы орында тұрған былғары қолғап шебері Ҳасанбой Дўсматов 50 килограмм салмақ дәрежесінде WBA-ның уақытша чемпиондық белбеуі үшін пуэрто-рикалық Жонатан Гонсалеске қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады oz.inform.kz.

Айта кету керек, Х. Дўсматов кәсіби рингтегі соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 20 шілдесінде филиппиндік қарсыласы Марк Антониоға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Осылайша, оның кәсіби бокстағы жекпе-жектер саны 7-ге жетіп, олардың барлығы өзбекстандық боксшының пайдасына шешілген. Ал Жонатан Гонсалестің есебінде 29 жеңіс, 4 тең және 1 жеңіліс бар.