Мемлекет басшысы қасиетті күндері Мекке қаласында қажылық парызын өтеу үшін сапарда жүрген өзбекстандықтар жайлы — олар үшін жасалған жағдайлар, ақсақалдардың денсаулығы мен көңіл-күйі туралы сұрады.
Муфти қажылық рәсімдерін жоғары деңгейде, толыққанды орындау үшін барлық ұйымдастыру шаралары қолға алынғанын атап өтті.
Қазіргі таңда 15 мың өзбекстандық қажы Сауд Арабиясына аман-есен жетіп барған. Оларға 300-ден астам топ жетекшілері, 50 білікті дәрігер, 10-нан аса аспаз және басқа да мамандар көмек көрсетуде.
Биыл Өзбекстан тарапының ұсынысы бойынша Арафат аймағындағы шатырлар жабық үлгіде тігілді. Олар күн өткізбейтін панельдермен қоршалған, салқындату жүйесі орнатылған, кілемдер мен төсеніштер жайылған. Бұл — жаздың аптап ыстығында қажылар үшін қосымша жайлылықты қамтамасыз етеді.
Қысқасы, биылғы қажылық маусымына жоғары деңгейде дайындық жүргізіліп, барлық қажетті жағдай жасалған. Жүрегі шүкіршілікке толы азаматтар қасиетті мекенде еліміздің тыныштығы мен халқымыздың әл-ауқаты үшін дұға етуде.
Муфти Нуриддин Холиқназар Президентке қажылықтың рухани әсерімен жүрген жамағаттың сәлемі мен алғысын жеткізді. Мемлекет басшысы барлық қажыларға сәлем айтып, елге аман-есен оралуды тіледі.
Сұхбат жылы әрі рухани көтеріңкі күйде өтті. Қажылар елге оралған соң, махаллада қоғамдық ортаны нығайтуға, мұқтаж жандарға жәрдем беруге, жастарды білім мен парасатқа тәрбиелеуге үлгі болады деген сенім білдірілді.