Өзбекстандық шахматшылар Израильді жеңді. Келесі қарсылас – Украина

    Венгрияның астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан 45-Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының 6-тур ойындары аяқталды.

    Бұл турда Өзбекстанның ерлер құрама командасы Израильді 2.5-1.5 есебімен жеңді. Қыздар командасы Голландиямен 2:2 есебімен тең түсті.

    Сондай-ақ, 45-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының шеңберінде келесі турларындағы қарсыластарымыз да анықталды.

    7-турда ерлер құрама командасы Украина құрамасымен кездеседі. Әйелдер құрамамыз Грецияның командасымен күш сынасады.

    Ескерту: Бүгін Олимпиадада демалыс күні. 18 сентябрь күні сағат 18:15-тен бастап жалғасады.

    No date selected
    September 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates