Өзбекстандықтарға АҚШ визасын алу жеңілдетіледі

    Президенттің «2025-2026 жылдары туристер ағынын күрт ұлғайту және туристік қызмет көрсету аясын жедел кеңейту арқылы туризмнің экономикадағы рөлі мен маңызын арттыру іс-шаралары туралы» Жарлығына қол қойылды.

    Оған сәйкес, Сыртқы істер министрлігі 3 ай ішінде АҚШ азаматтарының Өзбекстанға 30 күн бойы визасыз кіру режимін енгізу және Өзбекстан азаматтарының АҚШ-қа кіруі үшін визалық талаптарды жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізеді.

    Сондай-ақ, Ресей Федерациясы, Қазақстан және Әзербайжан азаматтары үшін Өзбекстан аумағына ішкі құжатпен немесе ID-картамен, сонымен қатар 16 жасқа толмаған азаматтарға «киндер паспортымен» келу режимі 30 күнге дейін енгізіледі.

    Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 июнінен бастап Өзбекстан мен Қытай арасында өзара визасыз режим енгізіледі. Бұл келісім екі ел азаматтарына 30 күнге дейін визасыз саяхат жасауға мүмкіндік береді.

    Айта кетейік, өзбекстандықтар «Green Card» лотереясын ұтып, АҚШ-та тұру құқығын алу бойынша әлем бойынша алғашқы үштікке кіреді.