Өзбекстанның бірқатар облыстарында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін

    Өзбекстанда 2-4 апрель күндері өткінші жаңбыр жауады, Науаи, Самарқант, Қашқадария облыстарында, сондай-ақ тау бөктерінде және таулы аймақтарда кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

    Республиканың кей аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін.

    1-4 апрель күндері желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, солтүстікте және шөлейтті аймақтарда шаң тозаң 22-25 м/с күшейеді.

    2-4 апрель күндері нөсер жаңбырға байланысты республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында, сондай-ақ:

    Қашқадария облысы: Яккабоғ, Дехканабад, Шырақшы, Китаб, Шахрисабз, Қамашы, Ғузор аудандарында;

    Сұрхандария облысы: Сариосия, Ұзын, Алтынсой, Денов, Байсын, Шерабад, Шорчи, Құмқорған, Музробот аудандарында;

    Самарқант облысы: Үргут, Самарқант, Булунғур, Нұрабад, Қошработ, Каттақорған, Паярық, Жамбай, Иштихан аудандарында;

    Науаи облысы: Хатирчи, Навбахор, Нұрата, Кенимех, Кармана аудандары;

    Жызақ облысы: Замин, Бахмал, Галлаарал, Шароф Рашидов, Фарыш, Янгиабад аудандарында;

    Ташкент облысы: Ахангарон, Бостандық, Паркент, Пискент, Орташыршық, Жоғарышыршық аудандарында және Ангрен, Алмалық қалаларында;

    Наманган облысы: Поп, Косонсай, Чартақ, Чуст, Наманган, Янгиқорған аудандарында;

    Ферғана облысы: Сух, Шахимардан, Ферғана, Бешарық аудандары;

    Әндіжан облысы: Әндіжан, Асака, Жалақұдық, Қорғантепа, Пахтаабад, Избоскан, Ходжаабад, Мархамат аудандарында және Ханабад қаласында сел-су тасқыны болуы мүмкін.

    «Тау бөктерінде және таулы аймақтарда тұратын азаматтарға, таулы аймақтарда жүріп бара жатқан демалушылар мен жүргізушілерге сақтық шараларын сақтауды сұраймыз», - делінген хабарда.