Өзбекстанның ДСҰ-ға мүшелігінде жеке сектордың рөлі маңызды

    Ағымдағы жылдың 1 декабрінде «Hilton Tashkent» қонақүйінде Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі БҰҰДБ, UNCTAD/ДСҰ халықаралық сауда орталығы және ДСҰ хатшылығымен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел жиналысы өтті.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Өзбекстан Республикасындағы Тұрақты өкілі Матильда Димовска өз сөзінде Өзбекстанның ДСҰ-ға мүшелігі аясында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Елдің бұл ұмтылыстары, оның пікірінше, экономикалық өсуді және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды ынталандырады және сауданы ырықтандыру реформаларын тереңдетеді.

    Іскерлік топтардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде ДСҰ-ға кіру үдерісіндегі жеке сектордың рөлі, Ұйымға кірудің ел экономикасының түрлі салаларына әсері, ықтимал салдары мен басқа да сипаттары талқыланды.

    Грузия мен Тәжікстанның ДСҰ-ға мүшелігі бойынша бас баяндамашылар М. Жанелидзе мен С.Насирзада шараға қатысушыларды Ұйымға мүше болу тәжірибесімен және мүшелік нәтижесінде осы елдердің жеке секторы үшін келеңсіз салдарын азайту бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды.

    ДСҰ Хатшылығының мүше болу департаментінің өкілі Хусрав Расулов ​​Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі Жұмысшы топтың 5- жиналысына дайындық жасау және ұйымдастыру бойынша Өзбекстан тарапынан жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын, еліміздің Ұйымға кіру үдерісін жеделдету туралы жүзеге асырылған іс-әрекеттерді атап өтті, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болу үдерісінде мемлекет пен жеке сектор өкілдері арасындағы диалогты белсенді түрде жалғастыру туралы бірауыздан пікір білдірді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates