«Құрметті отандастар!
Хабарыңыз бар 3 декабрь күні Оңтүстік Кореяда әскери жағдай жарияланды.
Бүгінде мемлекетте болып жатқан ішкі саяси жағдайға байланысты баршаңызды Оңтүстік Кореядағы түрлі митингілер мен шерулерге қатыспауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, өз қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңызды сақтауға шақырамыз», - делінген хабарламада.
Қажет болған жағдайда төмендегі телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз:
+82 10 3213 4505
+82 10 2909 4334