Өзбекстанның шетелдегі дипломатиялық миссияларының басшылары Сенатта

    Ел назарында 22 Dekabr 2022 1248

    2022 жылғы 21 декабрініде Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Т.Нарбаеваның Өзбекстан Республикасының шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесуі өтті.

    Шарада ең алдымен Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың Олий Мажлиске және Өзбекстан халқына Жолдауында алға тартылған маңызды идеялар мен бастамаларға, сондай-ақ олардың іс жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Атап айтқанда, Орталық Азиядағы көршілес елдермен және әлемдегі стратегиялық серіктеріміз болып табылатын елдермен, халықаралық ұйымдармен көп қырлы және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасылды.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы алға қойған бірқатар бастамалар халықаралық деңгейде қолдап-қуатталып жатқан және осы ұсыныстар негізінде халықаралық ұйымдардың құжаттары әзірленіп, іс жүзінде жүзеге асырылып жатқаны белгілі болды.

    Сенат Төрайымы Т.Нарбаева Өзбекстанда жүргізіліп жатқан ашық және прагматикалық сыртқы саясат парламенттік дипломатиясының маңыздылығын арттырып отырғанын мемлекет басшысының тікелей бастамасымен соңғы жылдарда ұлттық парламенттің орны мен маңызын тек мемлекет өмірінде ғана емес сыртқы саясатта, шет мемлекеттермен дамып жатқан халықаралық ынтымақтастық үдерістерінде де артып жатқаны айтылды.

    Сондай-ақ, кездесуде 2022 жыл көптеген жақтан табысты болғаны айтылып, сонымен қатар Орталық Азия елдерімен, аумақтық деңгейде, ТМД-ға мүше мемлекеттермен парламентаралық диалогты дамыту мен нығайту бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілгені айтылды. Осының аясында бірқатар ынтымақтастық туралы келісім мен парламентаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша іс жүзіндік шаралар жоспарына («Жол картасы») қол қойылғаны ерекше бағаланды.

    Сонымен қатар, Араб елдерімен, әсіресе Мысыр Араб Республикасымен және Араб мемлекеттері лигасының заң шығарушы органы – Араб парламентімен ынтымақтастық байланыстар да жаңа басқышқа көтерілгені және бірқатар өзара тиімді келісімдерге қол жеткізілгені айтылды.

    Кездесу барысында дипломатиялық мекемелердің қызметі бірқатар маңызды міндеттерді шешуге бағытталуы қажет екені айтылды. Сонымен қатар, шет мемлекеттердің парламенттерімен заң шығармашылығы саласында тәжірибе алмасуда ұйымдастырушылық көмек көрсету, Сенаттың жергілікті Кеңестері мен шет мемлекеттердің өңірлеріндегі депутаттар бірлестіктері арасындағы диалогты күшейту және ең маңызды, шетелдегі Өзбекстан азаматтарын және олардың отбасы мүшелерінің құқы мен мүдделерін қорғауға сондай-ақ жан-жақты қолдап-қуаттау сияқты шараларды күшейтуге ерекше назар аударуы мен белсенділік таныту қажеттігі айқындалды.

    Кездесу соңында ел парламентінің алдында 2023 жылы бірқатар маңызды халықаралық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу міндеті тұрғанына, шетелдік дипломатиялық өкілеттіктер басшыларының тікелей белсенді қатысуы, сондай-ақ лайықты үлес қосу қажет екеніне назар аударды.

    Содан соң Сенаттың Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар мен туризм мәселелері комитетінің кеңейтілген мәжілісінде Өзбекстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілеттіктері басшыларының қызметі туралы ақпарат тыңдалды.

    Өзбекстанның дипломатиялық миссиялары басшыларының шет мемлекеттермен екі жақты байланыстарды дамыту бойынша жүзеге асырылған істер, сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Президентінің халықаралық және аумақтық бастамаларды енгізу, біріктірілген аумақтар мен экономикалық салалармен істеу, нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ республика аумақтарындағы туристік ағымды арттыру бойынша атқарылған істер туралы ақпарат берілді.

    Сыни және мазмұнды түрде өткен пікірталас барысында дипломатиялық өкілеттіктердің барлық мәселелері мен үстем міндеттері қаралды, халықаралық бастамалар мен республиканың экономикалық мүдделерін ілгерілету, сондай-ақ шетелдердегі еліміздің азаматтарының құқықтарын қорғау саласындағы қызметінің нәтижелілігіне баға берілді.

    Мәжіліс соңында қабылданған қаулыда Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М.Мирзияевтың парламентке және мемлекет халқына Жолдауында белгіленген міндеттерге орай, елшіліктер мен өкілеттіктердің қызметін одан әрі жетілдіру іс-шаралары көзделді, мемлекет мүддесін халықаралық алаңда ілгерілету үшін қажетті ұсыныстар жасалды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates