Өзбекстанның жас медицина қызметкерлері халықаралық аренаға шығады

    Денсаулық 19 Fevral 2024 1629

    Өзбекстанның жас мамандары, сонымен қатар медицина саласындағы жастар халықаралық ғылым саласында өздерін белсенді түрде көрсетуде.

    Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығы ғылыми-практикалық медициналық орталықтың 29 жастағы дәрігері, «Жас маман» байқауынан жеңімпаз болған Эдвард Ахмадиев Санкт-Петербургте өткен конференция-марафонда өзінің ғылыми ісін ұсынды.

    Оның ғылыми ісі ана мен болашақ баланың денсаулығына қауіп төндіретін преклампция ауруы кезінде нақты диагноз қоюға бағытталған заманауи зерттеулерге арналған еді. Медицина ғылымының өзбекстандық өкілінің баяндамасы дәрігерлер үшін практикалық бағыт ретінде танылып, әріптестерінің үлкен қызығушылығын тудырды.

    Э.Ахмадиевтің айтуынша, конференция өзінің деңгейімен, үлкен көлемдегі ғылыми және тәжірибелік иновациялармен, әзірлемелермен тартымды екен. Енді олардың ең үздіктері еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде пайдалану үшін Республикалық ана мен бала орталығы және оның аймақтық филиалдарындағы әріптестер арасында талқыланатын болады.

    Жалпы алғанда, 15-17 февраль күндері Санкт-Петербургте өткен Х Бүкілресей «Перинаталдық медицина: прегварид дайындықтан салауатты ана мен балаға дейін» атты конференция-марафонында үш ғылыми баяндама ұсынылды. Сонымен қатар, форумға тағы 5 өзбекстандық маман тікелей қатысты. Конференц-марафонға Өзбекстанның өкілдерімен қатар шетелдік қатысушылар ретінде Қазақстан, Беларусь және Польшадан келген мамандар да қатысқан.

    Конференция-марафонда әйелдер мен балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жақсарту үшін акушер-гинекологтардың, неонатологтардың, педиатрлардың іс-әрекеттерін бірлестіруді мақсат еткен. Үш күн ішінде Ресейдің ең үздік сарапшылары мен басқа елдердің өкілдері перинаталдық медицинаға, босануға көмектесу, ана мен бала денсаулығын қорғаудың маңызды жақтарына қатысты тақырыптарды жан-жақты талдады.

    Биыл мұнда 274 жуық спикер сөз сөйлеп, 546 баяндама тыңдалып, 188 секция жұмысы ұйымдастырылды.Тікелей қатысушылар 2981 адамды құраған болса, форумға 5762 сарапшы онлайн қосылды.

    Республикалық ана мен бала денсаулығы орталығының өкілдері осы кең ауқымды шараға дәстүрлі түрде қатысуда. Бұл іс-шара оларға жаңа медициналық технологиялар бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, сонымен қатар практикалық медицина мен кәсіби білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылау алаңы болады.

    Осылайша, «Ана мен бала» орталығы Санкт-Петербургтің үш жетекші медициналық орталығымен тығыз ынтымақтастық байланысын орнатты. Олар Д.О.Отта атындағы акушерлік, гинекология және репродуктология ғылыми-зерттеу институты, В.А.Алмазов атындағы Ұлттық медициналық ғылыми орталық, Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университеті болып табылады.

    Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығының ғылыми-практикалық орталығы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates