Кездесуде елдеріміз арасындағы ынтымақтастық жоғары сенім мен өзара құрмет негізінде дамып келе жатқаны, өз кезегінде, байланыстарды жандандыру елдеріміздің көпқырлы қарым-қатынастарын одан әрі кеңейтуге қызмет ететіні айтылды. Сындарлы және іс жүзіндік рухта өткен диалогта парламентаралық ынтымақтастықтың болашағы, атап айтқанда, өзара байланыстарды жаңа мазмұнмен байыту мәселелері талқыланды.
Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы екіжақты байланыстар нығаюының қазіргі жағдайында парламентаралық ынтымақтастықты жан-жақты дамыту маңызды екенін және парламент мүшелерінің мемлекетіміз басшылары тарапынан белгіленген мақсаттардың орындалуын парламенттік бақылауды қамтамасыз ету үшін барлық іс-әрекеттерді іске қосу қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ ол мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету бауырлас халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудың маңызды факторы екенін, парламенттер мәдени алмасуларды, атап айтқанда, ғылым, білім, туризм, спорт және басқа да салалардағы бірлескен іс-шараларды қолдап-қуаттауда белсенділік танытуы керектігін айтты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Орталық Азия елдері форумының өңірлік маңызына тоқталып, аталмыш форматтағы алаңды ұйымдастыру бастамашысы Өзбекстан болғанын тілге тиек етті. Екі елдің өзара мүдделі де сындарлы ынтымақтастығы осы платформада жаңа деңгейге көтеріліп, екі ел арасындағы жоғары дәрежеде келісілген түрлі салалардағы байланыстардың тиімді жүргізілуіне негіз болатынына сенім білдірді.
Сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, көлік-коммуникация, мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында парламенттердің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажеттігін де атап өтті.
Кездесу соңында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер бойынша тұрақты диалог пен пікір алмасуды жалғастыруға келісілді.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.