Өзбекс-Қазақ арнайы бөлімшелерінің ынтымақтастығымен «Қалқан-2023» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті

    Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес әскери қызметшілер Шекара әскерлерінің жедел күш және құралдарымен бірлесе отырып, шартты дұшпанның көзін жоюға кірісті.

    Ташкент әскери округінің «Ангрен» дала оқу алаңында Өзбекстан мен Қазақстан Қарулы Күштерінің арнайы бөлімшелерінің ынтымақтастығымен «Қалқан-2023» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуының негізгі фазасы өтті. Бұл үдерісті екі елдің қорғаныс министрлері тікелей бақылап отырды.

    Бүгінгі таңда әлемнің түрлі аймақтарындағы тынышсыздық, шиеленістер мен қарулы қақтығыстар өзара сұхбаттарда шешуші күш ретінде айтылып жатқаны және олардың біздің өңірдің маңында орын алуы өзара әскери саладағы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға үндеуде. Ынтымақтастықтағы бұл арнайы-тактикалық оқу-жаттығу және екі елдің әскери саладағы көпжылдық тарихи негіздері бар достық қарым-қатынастың тағы бір рәмізіне айналды.

    Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес әскери қызметшілер Шекара әскерлерінің жедел күш және құралдарымен бірлесе отырып, шартты жауды жоюға кірісті. Бастапқыда арнайы бөлімшелер ұшқышсыз ұшақ техникаларын пайдалану арқылы барлау және іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жаудың бағытын анықтады.

    Осыдан кейін шартты жау орналасқан аумақ минометпен атқыланды. Арнайы бөлімшелер заманауи қарулы қақтығыстар тәжірибесіне негізделген жаңа тактикалық әдісті қолданды. Бұл ретте белгіленген міндетті орындау кезінде отты қолдап-қуаттау тобына жеңіл броньды автомобильдер, жауынгерлік тікұшақтармен бірлесіп, тапсырманы орындау барысында шартты жау толығымен жойылды.

    Ынтымақтастықтағы жауынгерлік іс-қимылдарының тәжірибесі бүгінде артиллериялық есептердің дербес қозғалысы маңызды екенін көрсетті. Бірлескен оқу-жаттығу барысында әскери қызметкерлердің жоғары кәсіби дайындығы, ұйымшылдығы мен жүктелген міндетті жоғары деңгейде орындау қабілеті бар екені көрсетілді.

    Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаменті

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates