«Узгидромет» тұрғындарды топан су қаупінен ескертті

    Қауіпсіздік 4 Aprel 2025 1461

    Тау бөктерінде және таулы аймақтарда тұратын азаматтарға, демалушылар мен таулы аймақтарда қозғалатын көлік жүргізушілерінен сақтық шараларын сақтауды сұрайды.

    Ағымдағы жылдың 4-7 апрель күндері күтілетін жаңбырға байланысты республиканың тау бөктерлері мен таулы аймақтарында топан су келу қаупі болатынын жариялады.

    Қашқадария облысы: Яккабоғ, Дехканабад, Шырақшы, Кітап, Шахрисабз, Қамаши, Гузор аудандарында;

    Сұрхандария облысы: Сариосия, Ұзын, Алтынсай, Денов, Байсын, Шерабад, Шорчи, Құмқорған, Мұзработ аудандарында;

    Самарқант облысы: Үргут, Самарқант, Бұлынғұр, Нұрабад, Қошработ, Каттақорған, Паяриқ, Жамбай, Иштихан аудандарында;

    Науаи облысы: Хатырчи, Навбахор, Нұрата, Кенимех, Кармана аудандарында;

    Жызақ облысы: Замин, Бахмал, Ғаллаарал, Шароф Рашидов, Фарыш, Янгиабад аудандарында;

    Ташкент облысы: Ахангарон, Бостандық, Паркент, Піскент, Орташыршық, Жоғарышыршық аудандарында және Ангрен, Алмалық қалаларында;

    Наманган облысы: Поп, Косансай, Чортоқ, Чуст, Наманган, Янгиқорған аудандарында;

    Ферғана облысы: Суқ, Шахимардан, Ферғана, Бесарық аудандарында;

    Әндіжан облысы: Әндіжан, Асака, Жалақұдық, Қорғантепа, Пахтаабад, Ізбасқан, Хужаабад, Мархамат аудандарында және Ханабад қаласында су тасқыны болу қауіпі бар.

    Республика аумағында жаңбыр суының жиналып қалуы, соның салдарынан өңірлерді су басып қалуы мүмкін, – делінген хабарламада.