Парагвай Президенті ресми сапармен Өзбекстанға келеді

    Парагвай Республикасы Президенті Сантьяго Пенья 11–13 желтоқсан күндері ресми сапармен Өзбекстанға келеді.

    Сапар бағдарламасына сәйкес, Ташкентте өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Өзбекстан мен Парагвай арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқылануы жоспарланған.

    Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және химия өнеркәсібі, цифрландыру, туризм және спорт салаларында практикалық серіктестік орнатуға айрықша назар аударылмақ.

    Сонымен қатар, Парагвай басшысы Халықаралық автомобиль федерациясының Бас ассамблеясына және федерация қамқорлығында өтетін жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысады.