Лого Лого-пв-уз

    Паралимпиада: Өзбекстанда бірінші рет пара-тау шаңғысы чемпионаты өтті

    Спорт 9 Mart 2022 84

    Бүгін Өзбекстан Ұлттық Паралимпиада комитеті алғаш рет «Амирсой» тау шаңғысы курортында пара-тау шаңғысы бойынша Өзбекстан чемпионатын өткізді.

    Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Өзбекстан Республикасы Спортты дамыту министрінің орынбасары Шахрилло Махмудов, Өзбекстан Ұлттық Паралимпиада комитетінің төрағасы Мухторхон Ташходжаев, Өзбекстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетінің ректоры Махмуд Болтабоев, «Амирсой»  тау шаңғы курортының бас  директоры Саидвали Саидходжаев сөз сөйлеп, соңғы жылдарда Президентіміз қысқы спорт түрлеріне де айрықша мән беріп келе жатқаны, құрылып жатқан заманалық спорт кешендерін тімді пайдаланып, пара  атлетшілерімізді қысқы Паралимпиада ойындарында да лайықты қатысуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі істер жолға қойылғаны туралы айтылды.

    Қызықты өткен жарыстың қорытындысы бойынша пара-тау шаңғысында әйелдер арасында Әсел Тұрдымұратова жеңімпаз атанды. Екінші орын Юлдуз Махмудоваға несіп етті.

    Ерлер арасындағы бәсекеде Фирдавс Хидоятовқа тең келетіні табылмады. Күміс жүлдені Камрон Абдувахидов жеңіп алды.

    Сонымен қатар, пара сноуборд  және мүгедектер арбасындағы керлинг бойынша іріктеу шаралары өткізіліп, таланттылары таңдап алынды.

     

    No date selected
    August 2022
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates