«Meridian Tempo» компаниясына тиесілі бұл 54 гектарлық бауда шие, алма, алмұрт және таңқурайдың экспортқа бейім сұрыптары егілген. Көшеттер Франция мен Испаниядан жеткізілген. Ағаштар өздігінен тозаңдану қабілетіне ие, бұл – өнімділіктің жоғары болуына айтарлықтай ықпал етеді.

Заманауи агротехнологиялар негізінде бауда толық тамшылатып суару жүйесі енгізілген. Су алдымен арнайы тоғанда жиналып, табиғи еңістік арқылы егілген алқапқа таратылады. Бұл үшін қосымша энергия қажет етілмейді, нәтижесінде шығын мен өнімнің өзіндік құны азаяды. Сонымен қатар, бақта күн панельдері орнатылған.

Піскен жемістер тікелей экспортқа жіберілуде. Биыл 256 тонна шие, 500 тонна алма, 480 тонна алмұрт және 30 тонна таңқурай жинау көзделген. Ең бастысы — бұл дақылдардан алынатын табыс дәстүрлі өсімдіктермен салыстырғанда бірнеше есе жоғары.

Мемлекет басшысы жауапты мамандарға бұл тәсілді кеңінен тарату, жемістерді күтіп-баптау және қаптамалау ісіне шетелдік тәжірибені енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.