Ең бастысы, жалақысы жоғары жаңа жұмыс орындары көбейіп, халықтың тұрмысы жақсара бермек!
Мемлекет басшысының бастамасымен Ташкент облысында, атап айтқанда Паркент ауданында да басталған мұндай игі істер жүйелі жалғасын табуда.
Атап айтқанда, Паркент ауданының әкімі Өзбекстан- Қытай серіктестігіндегі «Limaomoali Metal Company» бірлескен кәсіпорны өкілдерімен кездесті.
Онда Паркенттің Хисорақ аумағында «Өндірістік туризм кешенін» құру бойынша ұсыныс жобасы бойынша келіссөздер жүргізілді.
Ашық диалог түрінде өткен тұсаукесерде алғашқы есеп-хисаптарға орай, Хисорақ аумағындағы 100 гектар жерге құрылады деп жоспарланған жобаға 50 миллион АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылады.
Осы жоба орай, аумақта Қытай елінен әкелінген мәуелі және сәндік интенсивті бақтар, шарап өндіретін үйлер, демалыс орталықтары, ұлтымызды көрсететін ғарыштық капсула қонақ үйлері, ғылыми-техникалық мұражай, таңғажайып мейрамханалар іске қосылады.
Жылына 320 мың турист келеді деп күтілетін бұл жобаның 2027 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылуы жоспарлануда.
Әкім Элмурод Полатов диалог барысында шетелдік серіктестерге Паркент ауданынан жұмысшыларды көбірек алу керектігін айтты.
Келіссөздер барысында аталмыш жобада жалақысы жоғары 100-ге жуық жаңа жұмыс орынға паркенттіктердің 80 адамы қабылданатыны белгіленді.











