Мақта-тоқымашылық кластерлері мемлекет тарапынан қолдап-қуатталады

    Агросектор 31 Yanvar 2023 2401

    2023 жылғы 26 январында Өзбекстан Республикасы Президентінің «Мақта шикізатын өсірушілер қызметін одан әрі қолдап-қуаттаудың қосымша іс-шаралары туралы» ПҚ-23-санды қаулысы қабылданды.

    2023 жылы егін жинау науқанынан бастап, жыл сайын 1 октябрьге дейін мақта-тоқымашылық кластерлері тарапынан фермерлік шаруашылықтарымен келесі жылдың өнімі үшін шитті өндіру бойынша фьючерстік келісім-шарттар жасалады (2023 жылдың өнімі үшін, 2023 жылдың 1 февралына дейін). Ауыл шаруашылығы министрлігі Нью-Йорк биржасы мақта талшығының орташа айлық фьючерстік баға белгілеулерінің талдауын өзінің ресми сайтында жариялайды.

    Бұл ретте, шитті дайындау және жеткізу бойынша фьючерстік келісім-шарттары салық органдарының ақпараттық жүйесінде тіркеледі және Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агроплатформа» ақпараттық жүйесіне интеграцияланады.

    Жергілікті билік органдары мақта-тоқымашылық кластерлерінің қызметіне заңсыз араласуына, олардың құрылтайшыларын жиналыстарға және басқа да шараларға шақыруға, фермерлермен болатын қарым-қатынасына ықпал етуге қатаң тыйым салынады.

    Ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыруға, жер және су ресурстарын пайдалануға заңда көзделмеген шектеулер енгізген жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

    2023 жылдан бастап, шет елдерден әкелінген лазерлік құрылғысы бар автоматтандырылған жер тегістейтін агрегаттарды сатып алаған өндірушілерге тегістеу қондырғылары құнының 30 пайызы Мемлекеттік бюджет есебінен қапталады.

    Сондай-ақ, мақта өсірілетін алқаптарды сорғылар арқылы суаруға жұмсалатын электр энергиясының құнының 50%-ға дейіні бөлігі Мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.

    2025 жылдың 1 январына дейін әкелінген минералды тыңайтқыштарға (ТИФ ТН кодтары 3105 59 000 0, 3105 40 000 0, 3104 30 000 0, 3105 30 000 0 және 2835 29 9000) кедендік бажның «нөлдік» мөлшерлемесі қолданылады деп хабарлайды «Norma».

    Құжат Заң құжаттарының мәліметтері ұлттық базада жарияланды және 2023 жылғы 30 январьда күшіне енді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates