Платформа қалалық басқармалар мен Alipay төлем қызметі арқылы әзірленген. Жобаға туризм, сауда және салық құрылымдары да қатысқан.

Alipay қосымшасы 16 тілде 39 қызмет ұсынады: билет және қонақүй брондау, сапарды жоспарлау және басқа мүмкіндіктер бар. Сондай-ақ жасанды интеллект құралдары енгізілген.

Бұдан бөлек, «саяхат әмияны» функциясы істейді — ол халықаралық аударымдар арқылы есепшот толтырып, Қытай ішінде төлем жасауға мүмкіндік береді. Бұл қызмет 40 елдің азаматтарына қолжетімді.

Пекин шетелдіктер үшін жағдайды жақсартуды жалғастыруда. Мысалы, Шоуду және Дасин халықаралық әуежайларында 20-дан астам кешенді қызмет көрсету пункті жұмыс істейді.

Қалаға қызығушылықтың артуы визасыз режимнің кеңеюімен байланысты. Жыл басынан бері Пекин шекара бекеттерінен 7 миллионнан астам адам өткен — бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3% көп.

Қазіргі таңда Қытай 50 елге біржақты визасыз режим енгізді және 240 сағаттық транзитпен кіруге рұқсат етілген елдер санын 55-ке дейін арттырды, деп хабарлады kazinform.