Зейнеткерлікке шығу жеңілдетіледі

    2025 жылдың 1 мартынан бастап 60 жасқа толған ерлер мен 55 жасқа толған әйелдерге зейнетақылар, сол күннің өзінде «автоматты » түрде яғни яғни ешқандай құжат талап етілмей тағайындалады.

    Жаңадан қыбылданған Өзбекстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 октябріндегі «Халыққа зейнетақы тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі арттыруға бағытталған қосымша іс-шаралар туралы» қаулысында төмендегі өзгерістер көзделген:

    2024 жылы 1 январынан бастап:

    а) азаматтарға зейнетақы тағайындауға қосымша ретінде Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары немесе Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы арқылы да өтініш беру мүмкіндігі жасалады;

    б) азаматтарға зейнетақы тағайындалғаннан кейін АК «Халқ банкінде» жинақталған зейнетақы қаражатын алу үшін Зейнетақы қорынан қағаз формасындағы сертификат беру тәртібі жойылады.

    Бұл ретте, азамат Халық банкінде еңбек қызметі барысында ай сайынғы аударымдар негізінде жинақталған қаражатын Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы немесе банктің мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

    2025 жылдың 1 мартынан бастап 60 жасқа толған ерлер мен 55 жасқа толған әйелдерге зейнетақылар, сол күннің өзінде «автоматты» түрде құжат талап етілмей тағайындалады.

    Мұнда, азаматқа қатысты мәліметтер (азаматтың жасы, жынысы), жұмыс өтілі, жалақысы (төленген әлеуметтік салық сомасы) және отбасы құрамы (жұбайы мен балалары) Әділет министрлігінің, Жұмыспен қамту министрлігі және Салық комитетінің электрондық деректер базасынан алынады.

    Нәтижесінде, азаматтарға зейнетақы тағайындау үшін қосымша құжаттар жинау және өзі тұратын жердегі Зейнетақы қорының облыстық филиалына жүгіну талап етілмейді.

    Зейнеткерлік жасқа толған азаматқа, сол күні зейнетақы «автоматты» түрде тағайындалғаннан кейін, азаматтың ұялы байланыс құрылғысына мәлімет жіберіледі.

    Белгілі, зейнетақыны “автоматты” түрде тағайындау тәртібі Армения, Грузия, Әзербайжан және Эстонияда жолға қойылған.

    Зейнетақыны «автоматты » түрде тағайындау тәртібін жүзеге асыру бойынша 10 пункттен тұратын «жол картасы» бекітілуде.

    Бұл ретте , 2025 жылдың 1 мартына дейін 14 министрлік пен кеңселердің деректер базасы инвентаризация жасалады және зейнетақы тағайындауға қажетті құжаттар толығымен цифрландырылатын болады.

    Зейнеткерлік жасқа толған, бірақ зейнеткерлікке шықпай-ақ жұмысын жалғастырғысы келетін немесе зейнетақы мөлшеріне наразы болған азаматтарға «автоматты» түрде тағайындалған зейнетақыны тоқтату құқығы беріледі.

    Заңдылыққа сәйкес, зейнетақы мөлшерінен наразы болған азаматтарға, зейнетақы мөлшеріне әсер ететін қосымша құжаттарды қалаған уақытта ұсыну құқығы белгіленген.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates