Пластик картадан негізсіз ақша алынса не істеу керек?

    Қауіпсіздік 11 Noyabr 2021 301

    Бұл туралы АОКА-да өткен брифингте Өзбекстан банктер ассоциациясының ақпараттық қызметінің басшысы Хадия Абдуллаева осы туралы мәлімет берді.

    Айтуынша, пластик картадан ақшаны негізсіз алу фактісі болса, дереу пластик карта берілген коммерциялық банкке жүгіну қажет. Өйткені, алдымен қаржы қайда, қалай жұмсалды деген сұраққа жауап іздеу керек.

    Мысалы, бір арызданушының пластик картасынан 110 000 сум шешіп алынған. Анықталғанда, арызданушының танысы несие алған кезде өз еркімен кепіл болған. Негізгі борышкер төлемді уақытында орындамаған соң, несие сомасы өтініш берушінің пластик картасынан кесте бойынша есептеп шешіп алынған. Алайда, пластик картадан ақшаны негізсіз алған жағдайда, егер сіз мүлдем несие алмаған болсаңыз және ешкімге кепіл болмасаңыз, онда тиісті құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

    Өкінішке орай, пластик карталардан негізсіз ақша алу жағдайы жиілеп барады. Осы ретте жерлестеріміздің есіне салғымыз келді. Біріншіден, ешкімге пластик картаңыздың құпия кодын, сондай-ақ пластик картаңыздың 16 таңбалы шот нөмірін айтпаңыз. Өйткені кейде біз білмей пластик карталардан негізсіз ақша алуына себепші болып қаламыз.

    Мысалы, бір азаматтан қоңырау шалған жағдайда оның телефонына SMS келіп түскен. «Сіз пәленше қорынан ақша ұтып алдыңыз. Құттықтаймыз. Пластик картаңыздың нөмірін айтсаңыз, ақшаны түсіріп береміз», - дейді олар. Шағымданушы қуанғанынан, ойламай пластик картаның нөмірін берген. Әрине, оның пластигіндегі сома шешіп алынған.

    Өкінішке орай, мұндай мысалдар өте көп. Ендеше, тағы да айта кететін жайт, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін пластик карта нөмірін ешкімге бермей, өзіңізге сақ болыңыз.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates