Пластикалық карталардағы ақшаны ұрлау ауырлататын жағдай ретінде квалификацияланады деп күтілуде

    Қауіпсіздік 9 Mart 2022 1612

    Бүгін Олий Мажлис Заң шығару палатасында өткен кезектегі мәжілісте «Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

    Мәжілісте бүгінде банктің пластикалық карталарын ақша ұрлау жолымен талан-тараж ету жағдайлары Қылмыстық кодекстің 169-бабы (ұрлық) бойынша жазаланатыны айтылды.

    Көп жағдайда азаматтардың банктің пластикалық карталарынан аз мөлшерде талан-тараж жасалып жатқаны себепті бұл қылмысқа Қылмыстық кодекстің 169-бабы 1-бөлімімен айып тағылады.

    Бұл өз кезегінде, айыпты тұлғаларға қатысты жеткілікті жаза шараларының қолданылмай жатқанына, олардың ақылақтық түзелу жолына түспеуіне, қайтадан қылмыстық әрекеттермен шұғылдануға әкелуде.

    Осыған байланысты осы сынды қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің 168- және 169-баптарын ауырластыру жағдай ретінде жауапкершілікті белгілейтін нормамен толықтыру ұсынылып отыр.

    Заң жобасының қабылдануы алдағы уақытта жеке және заңды тұлғалардың электрондық ақша қаражатын жасырын түрде талан-таражға салу, азаматтың сеніміне кіріп оның есеп-шотындағы немесе пластикалық картасынан ақша қаражатын ұрлау жағдайларының алдын алуға қызмет етеді.

    Заң жобасын депутаттар мақұлдады.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates