Пәкістанның Лахор қаласында Өзбекстан сауда үйі ашылды

    27-29 май күндері Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы, «Узтоқимачиликсаноат» бірлестігі және еліміздің кәсіпкерлерінен құралған делегация Пәкістанда болды.

    "Дунё" агенттігінің хабарлауынша, сапар аясында 29 май күні еліміздің делегация өкілдері Лахор қаласында болып, Лахор Сауда-өнеркәсіп палатасы, Жалпы Пәкістан тоқымашылық өндірушілер бірлестігі, тоқымашылық, тері және жүнді қайта өңдеуші компаниялармен бірқатар кездесулер өткізді.

    Атап айтқанда, «Taba Group» холдингінің құрамына кіретін «Yunus Textile Mills» компаниясымен үй тоқымашылық саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Пәкістан компаниясы Өзбекстандағы қуаттылығы төмен немесе жұмысын тоқтатқан кәсіпорындар негізінде бірлескен жобаларды кеңейтуге мүдделілік танытты. Кездесу соңында тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

    "Sapphire" компаниясының басшылығымен Өзбекстанда жас балаларға арналған киім-кешек шығару, сондай-ақ иірілген жіп пен мақта қалдықтарын импорттау мәселелері туралы жан-жақты пікір алмасылды.

    Сондай-ақ, Лахор Сауда-өнеркәсіп палатасында 50-ден астам бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өттті. Жиналғандарға Өзбекстанның инвестициялық әлеуеті, аймақтарда жүзеге асырылып жатқан жобалар, еркін экономикалық аймақтар, экспортбап өнімдер туралы толық ақпарат берілді.

    Палата төрағасы Миан Абузар Шадпен болған диалог нәтижесінде өзара сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту, экспортты диверсификациялау, бірге тоқымашылық, былғары және аяқ киім, құрылыс материалдары мен медициналық бұйымдарды бірлесіп шығару салаларында ынтымақтастықтың болашағын белгілеп алды.

    Жалпы Пәкістан тоқымашылық өндірушілері бірлестігімен өткізілген кездесуде еліміздегі тоқымашылық саласындағы төмен қуатта істейтін кәсіпорындарды пәкістандық серіктестердің басқаруына беру және үшінші елдің базарларына экспортты жолға қою мәселелері талқыланды.

    Бірлестік басшысы тоқымашылық саласындағы өзбекстандық серіктестеріне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтып, үстіміздегі жылдың июль айында Өзбекстан кәсіпорындарымен танысу үшін елімізге келуге ниет білдірді.

    Сонымен қатар, Лахор қаласында Өзбекстан делегациясының қатысуымен «Өзбекстан сауда үйінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Шараға Лахор қаласының әкімшілігі, ірі іскер топ өкілдері, жергілікті сауда-өнеркәсіп палатасының мүшелері қатысты. Салтанатты шара қатысушыларына Өзбекстанда өндірілетін өнеркәсіп өнімдері, еліміздегі инвестициялық орта, шетелдік инвесторлар үшін жасалған бірегей жеңілдіктер мен қолайлылықтар туралы толық ақпарат берілді.

    Шара соңында Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Пәкістанның жетекші “Diner's Group” компаниясы арасында бірге «Өзбекстан сауда үйінің» қызметін жолға қою туралы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Сондай-ақ, тері және былғары өнімдерін өндірумен айналысатын “Dada Group” компаниясымен өткізілген кездесуде Өзбекстанда қой, ешкі, ірі қара мал терісін қайта өңдеу және дайын өнім шығару мәселелері талқыланды.

    Өзара мүдделі бірлескен жобалар бойынша алдағы қадамдарды белгілеу мақсатында тез арада компания делегациясының Өзбекстанға сапарын ұйымдастырға келісілді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates