Фестиваль Туризм комитеті, облыс әкімдіктері, Ташкент қаласы әкімдігі, Өзбекстан аспаздар қауымдастығы және т.б. қолдауымен өткізілді.
Фестивальде гастрономиялық туризм, туризм түрлердің ішіндегі ең негізгі және ең ірі өзіндік туризм бағыттарының бірі және әрбір туристік нысан мен маршруттың құрамдас бөлігі екені мойындалды.
Сондай-ақ, гастротуризм халықтардың тарихы мен мәдениетін түсінуде маңызды орын алатыны, бүгінгі гастрономиялық туризм нысандары шетелдік және жергілікті саяхатшылар уақыттарын көңілді өткізуге көмек бергендігі айтылды.
Фестиваль өзбек асханасы мен ұлттық бренд тағамдарын әлемдік деңгейде насихаттауға қызмет етті. Ол Өзбекстанның ерекше аспаздық дәстүрлерін көрсетті, ұлттық тағамдардың байлығы мен алуан түрлілігін ашты, сонымен қатар елді маңызды гастрономиялық бағыты ретінде нығайтты.
3 күн бойы еліміздің барлық аймақтарынан келген тәжірибелі аспаздар түрлі тағамдар әзірледі. Шараға жергілікті шеберлерден бөлек шетелдік мамандар да қатысып, шеберлік сабақтарын өткізді.
Фестивальге қатысушылар «Гастрономиялық туризмді дамытуға қосқан зор үлесі үшін», «Ұлттық тағамдарды сақтауға қосқан үлесі үшін», «Еңбекқорлығы және ұлттық салт-дәстүрге адалдығы үшін», «Ең үздік безендірілген көрме стенді үшін» және басқа да аталымдар бойынша сертификаттармен марапатталды.
Гастрономиялық мерекені ұйымдастыруда белсенді қатысқаны үшін Ресейден, Әзербайжаннан, Түркиядан, Швейцариядан және басқа елдерден келген 20-дан астам шетелдік мамандарға, Қарақалпақстан Республикасынан, облыстар мен Ташкент қаласы әкімдіктеріне, сондай-ақ Туризм комитеті мен «Наурыз» саябағы әкімшілігіне арнайы естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қонақтарға мазмұнды мәдени бағдарлама да ұсынылды. Түрлі ансамбльдер өз өнерлерін ортаға салып, барлық қонақтар ең дәмді өзбек ұлттық тағамдарынан дәм татуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.