баннер
8 Apr 2025
08:55

    «Правда Востока» газеті 108 жаста!

    «Правда Востока» газеті 1917 жылдың 2 апреліненбастап «Наша газета» деген атпен шыға бастаған. Ал 1924 жылға келіп «Правда Востока» деп аталған газет 1975 жылдан бастап күн сайын шығады.

    Ассалаумағалейкум, құрметті журналистер, құрметті оқырмандар!

    Бүгін «Правда Востока» газеті 108 жасқа толды.

    Еліміздегі баспа басылымдарының тарихы көп жылдардан бастау алатыны белгілі. Атап айтқанда, елімізде тұңғыш газет 1906 жылы 27 июньде шығып, ол «Тараққий» деген атпен танылған.

    «Правда Востока» газеті 1917 жылы 2 апрелінен «Наша газета» деген атпен шыға бастаған.

    1924 жылдан бастап «Правда Востока» деп аталған газет 1975 жылдан бастап күн сайын шығады.

    «Правда Востока» газеті Өзбекстандағы ең көне қоғамдық-саяси басылым.

    Бүгінде газеттің 30 мыңнан астам саны – дәлірек айтсақ, 30 641 саны оқырман қолына тиеді.

    Бұл барлық БАҚ арасындағы абсолютті рекорд саналады.

    Осы газеттің 108 жылдық тарихы барысында осы газетте қаншама жанкүйер, өз саласының білгір азаматтары еңбек еткен. Сондай-ақ, оқырмандардың үнемі назарында, құрметінде болған газет жүздеген жастарға шеберлік мектебі міндетін де өтеген.

    Айта кету керек, Өзбекстан тәуелсіздік алғаннан кейін бұл басылым Министрлер Кабинетінің құртайшылығымен жарық көре бастаған. Үкіметіміздің 2020 жылғы 3 январьдағы қаулысымен «Правда Востока» газетінің редакциясы” «Янги Узбекистон» және «Правда Востока» газеттерінің редакциясы” ретінде қайта құрылып, Екі газет бір редакцияға біріктірілді.

    Газет өткен жылдар барысында елімізде болып жатқан оқиғаларды өз оқырмандарына ұдайы жеткізіп, бүгінде медиа- конвергенциясы негізінде заманалық сайты және әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы бүкіл әлемге ақпарат таратуда.

    Бүгінгі таңда редакция басылымның игі дәстүрін сақтау, халықтың бейтарап және шынайы ақпаратқа мұқтаждығы мен құқығын қамтамасыз ету жолында жүйелі еңбек етуде.

    «Правда Востока» әлі күнге дейін көптеген журналистер, сарапшылар, жазушылар мен ақындар, қоғам қайраткерлері және барлық оқырмандар үшін мінбер ретінде қызмет етуде. Назар аударалық жайт, бүгінде «Правда Востокада» қызмет ететін журналистердің көпшілігі жастар.

    Бүгінде «Правда Востока» газеті Өзбекстанның және шет елдердің тыныс-тіршілігін, сондай-ақ құрметті Президентіміз Шавкат Мирзияевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан үлкен реформаларды жедел әрі дәйекті түрде жариялап келуде.

    Редакция бұдан кейін де алдына қойған міндеттерді байыппен, аянбай атқара бермек.

    Осы сәтті пайдаланып, «Правда Востока» газетінің 108 жылдық мерейтойымен барша оқырмандарымызды, ынтымағы жарасқан редакция ұжымын, осы басылымда еңбек етіп жүрген ұстаз журналистерді, ардагер әріптестерімізді шынайы құттықтаймыз.

    Ұжымға күш-қуат пен жаңа шығармашылық табыс тілейміз!

    Салим Донияров,

    «Янги Узбекистон» және «Правда Востока» газеттерінің бас редакторы.



    Мы в Телеграм
    Text to speech