Президент Паркент ауданындағы экспортқа бағытталған кәсіпорнның жұмысымен танысты

    Саясат 19 Iyun 2025 1616

    Президент Шавкат Мирзиёев Паркент ауданындағы «Бату Экспорт» кәсіпорнына барып, ондағы жұмыстармен танысты.

    15 миллион АҚШ долларына жуық инвестиция есебінен іске қосылған бұл заманауи жоба аясында жылына 5 мың тоннаға дейін жеміс-жидек пен көкөніс қайта өңделеді. Шикізат тек Ташкент облысынан ғана емес, Самарқанд пен Ферғана облыстарынан да жеткізіледі.

    Кәсіпорынға Жапония, Германия, Бельгия және Қытайда жасалған заманауи қондырғылар орнатылған. Бұл өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Мұнда 180 тұрақты жұмыс орны құрылған, қызметкерлердің орташа жалақысы 7 миллион сумға дейін жетеді.

    Бұл жерде өндірілген өнімдер Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері, Еуропа және ТМД елдеріне экспортталады.

    Мемлекет басшысы өндіріс барысымен танысып, жұмысшылармен сұхбаттасты.

    – Жеміс-көкөніс өсіруде Паркенттің әлеуеті өте жоғары. Технологияларды әкеліп, әлемдік нарыққа жаңа және кептірілген жемістерді экспорттауға толық мүмкіндігіміз бар. Бір ғана, Жапонияның өзінде Өзбекстан өнімдеріне қызығушылық жоғары. Тек жемістерді дұрыс күтіп-баптап, сапалы жеткізу керек. Осындай кәсіпорындарды дамытсақ, осы саланың өзінен-ақ бірнеше миллиард доллар кіріс табуға болады, – деді Президент.

    Сапар барысында Ташкент облысының экспортқа бағытталған ауыл шаруашылығы өнімдері де таныстырылды. Өткен жылы облыстан 130 миллион долларлық жеміс-жидек пен көкөніс өнімі экспортталған. Алайда өңірдің табиғи жағдайы мен әлеуетіне қарай бұл көрсеткіш әлі де жеткіліксіз.

    Саланы қолдау мақсатында экспорттаушы кәсіпорындарға 7 түрлі қаржылық көмек пен 3 түрлі салықтық жеңілдіктер мен преференциялар ұсынылған. Қазіргі таңда Ташкент облысында жеміс-жидек қайта өңдейтін 175 кәсіпорын жұмыс істейді, және қайта өңдеу деңгейі жыл сайын артып келеді. Биыл экспорт көлемін едәуір арттыру жоспарланып отыр.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates