Саммиттің күн тәртібіне ШЫҰ аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, ұйым қызметін жетілдіру және өзекті халықаралық мәселелерді талқылау енгізілген.
Жиын қорытындысында ШЫҰ-ның 25 жылдығына арналған Бішкек декларациясын, сондай-ақ қауіпсіздік, экономика, көлік, экология, жасанды интеллект, мәдени-гуманитарлық байланыстар және басқа да көптеген бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр.
Саммит аясында Президент Шавкат Мирзиёев шетелдік делегациялар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Өзбекстан басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына да қатысады.